Түркістанда өрт сөндіруші-құтқарушылардың бәсекесі өтіп жатыр. Олар алдағы 4 күн бой түрлі сайыс бойынша сынға түседі. Талай жанның өмірін тілсіз жаудан қорғаған мамандардың жарысы кеше Шымкент қаласында өтсе, бүгін облыс орталығында 100 метрлік кедергіні бағындыруда. Сайысқа еліміздің өзге облыстарынан бөлек көршілес мемлекеттердің құтқарушылары да келген.