Түркістан
EN

Түркістанда енді туризм саласындағы менеджерлер даярланады

30
10.10.2024

Түркістанда енді туризм саласындағы менеджерлер даярланады. Ақжолтай ақпармен халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Әлібек Шоқпаров бөлісті. Оған қоса оқу орны биылдан бастап, 3 жылдық оқыту жүйесіне көшкен. Яғни сабақтар триместрлер бойынша ұйымдастырылып, студенттер 3 жыл ішінде бакалавр дәрежесін алады. Айта кету керек, университет осы жүйе бойынша туризм саласына кадр даярлайтын елдегі жалғыз жоғары оқу орны.