Түркістан
EN

Шымкентте 18 жастағы жігіт қару ұстаған қылмыскерді тоқтатты

17
10.10.2024

Шымкентте қос жеткіншек қаладағы ломбардтардың бірін тонамақ болған қарулы қылмыскерді тоқтатты. Бетіне бетперде таққан белгісіз тұлға ломбардқа баса-көктеп кіріп келіп, кассирден 100 мың теңге талап еткен. Осы кезде ломбард ішінде тұрған қос бозбала қылмыстың алдын алу мақсатында құқықбұзушыны залалсыздандырды. Онымен қоса, бозбалар тәртіп сақшылары келгенше қаскөйді ұстап тұрған. Қазір олардың батыл әрекеті әлеуметтік желілерде тарап, көпшілік алғысын білдіруде. Оған қоса, оқиға болған ауданның полиция басқармасының бастығы өз кезегінде жасөспірімдерді танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.