Созақта 6 жылда 38 инвестициялық жоба жүзеге асып, 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жалпы аудан, қалалардың даму жоспарын талқылаған отырыста Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков өңірдің алдағы 6 жылдағы жоспарын баяндады. Аймақта осы жылдар аралығында 38 ірі жоба жүзге асып, 3 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Ал өнеркәсіп саласында 15 жоба іске қосылып, 2 мың тұрғын тұрақты жұмыс табады. Аудан басшысының жоспарына сәйкес агро саласын да дамытуға 19 ірі жобаны дайындап отырған көрінеді.