Түркістан
EN

Өңірдегі бензин тапшылығына не себеп?

82
13.12.2021

Ал "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Түркістан облысындағы бензин тапшылығына қатысты әкімдіктің жауабын жоққа шығарды. Естеріңізде болса, кеше облыста бензин тапшылығы туындағаны туралы айтқан болатынбыз. Бұл жағдайды облыс әкімдігі  Павлодар зауытында уақытша жөндеу жұмыстары жүріп жатқандығымен байланыстырды. Алайда, компания өкілдері бұл  ақпарат шындыққа жанаспайды дейді. Себебі аталған мұнай зауытындағы жөндеу жұмыстары осыдан 2 ай бұрын аяқталған.