Түркістан облысында соңғы 5 жылда білім саласындағы парақорлық пен жемқорлыққа қатысты 79 қылмыс тіркелген. Оның 30-ға жуығы былтырдан бері анықталған былықтар. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Жиынға білім беру ұйымдарының басшылары мен бухгалтерлері қатысқан. Ондағы басты мақсат – бюджет қаржысын тиімді игеріп, жемқорлықтың алдын алу.