Кентаудағы жылу орталығында 4 қазандықты жаңарту жұмыстары аяқталды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды орталықтың жылыту маусымына дайындығын тағы бір рет тексерді. Қала әкімі мен мердігер компания басшыларының есептерін тыңдады. Сондай-ақ жұмыс сапары аясында қалалық аурухананың жай-күйімен танысты.