Салынып жатқан жолдар қатаң бақылауда. Жыл басынан бері Түркістан қаласындағы жол құрылысын бақылауға 20 рет комиссия келген. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 19 көшеден 77 сынама алды. Оның 28-і талапқа сәйкес келсе, 49-ында заңбұзушылық анықталды. Жол сапасын жақсарту үшін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мердігерлермен кездесті. Кемшіліктерді қайта қалпына келтіріп, тұрғындарға жайлы жағдай жасау керектігін айтты. Ол үшін көше бойындағы кәріз жүйесінің құдықтарын жабуды, зақымдалған асфальт жабындылары мен аяқжолдарды жөндеуді тапсырды.