Түркістан облысында жыл басынан бері 29 өндірістік жазатайым оқиға болып, салдарынан 37 адам зардап шеккен. Өкінішке қарай 6 адам жұмыс барысында ажал құшты. Бұл мәліметтерді жаңа құрылған облыстық еңбек инспекциясы департаменті хабарлады. Сондай-ақ, облыс бойынша 5 кәсіпорын өз жұмыскерлері алдында 200 млн теңгеден астам жалақы қарызының бар екені анықталған. Қазіргі таңда оның жарты сомасы жұмыс беруші тарапынан өндіріліп, 358 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды. Жауаптылардың айтуынша, мұндай жағдайлардың көбінде жұмыс берушімен еңбек шартының болмауы, істің ілгері жылжуына кері әсер етеді.