Түркістан
EN

Шымкентте құны 100 млн теңге болатын майнинг өндірген екі адам сотталды

13
09.10.2024

Шымкент қаласының аумағында заңсыз криптовалюта өндірген майнинг фермасы анықталды. Олар 10 айдың ішінде  жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам пайда тапқан. Екі азаматтың мұндай қылмыстық іс-әрекетін қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері әшкерелеп отыр. Қазір заңсыз өндірілген биткоиндар тәркіленіп, заң бұзғандар екі, екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетсем, жыл басынан бері қылмыстық табысы 400 млн теңгеге жуық заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 4 фактісі анықталған.