Түркістан
EN

Жыл соңына дейін 610 отбасы үйлі болады

92
13.12.2021

Жыл  соңына дейін облыс орталығында 610 пәтер пайдалануға беріледі. Алдымен тұрғын үйге мұқтаж, көпбалалы және әлеуметтік әлсіз топтағы отбасылар баспанамен қамтылады. Қазір Түркістанда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылыс жүріп жатыр. Аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынуда. Одан бөлек, 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» арқылы және 3 көпқабатты тұрғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы кредиттік жүйемен сатылымға шықты.