Түркістан
EN

Азық түлік бағасы қымбаттап кетті, қала әкімі базарды аралап көрді

36
08.06.2021

Азық-түлік бағасы шарықтап барады. Әсіресе, күнделікті тұрмыста қолданатын   картоп бағасы  300 теңгеге саудаланса, сәбіздің келісі тіпті 500-ге жеткен. Түркістан облысының әкімдігі саудагерлерге шекті бағадан асырмауды бірнеше мәрте айтты. Одан қалды халықтың ішер асын негізсіз көтергендерге айыппұл салынады деп те ескертті. Алайда бұған саудагерлердің  айтар өз уәжі бар екен.