Сауран ауданының 2030 жылға дейінгі даму жоспары бекітілді. Өңір басшысы Мақсат Таңғатаров облыс әкімінің алдында алдағы уақытта ауданда атқарылуы тиіс жұмыстарды таныстырды. Жоспарда туризм, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларына қатысты ірі жобалар бар. Аудан басшылығы 151 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Оның барлығының құны 174 млрд теңгені құрайды.