Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды. Ол Ұлытау облысын 2022 жылдан бері басқарып келген. Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. Мамандығы бойынша - тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы еңбек жолын бастап, Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Ал, Ұлытау облысының жаңа әкімі болып, Даста Рыспеков тағайындалды.