Түркістан
EN

Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

2
09.10.2024

Мәскеу қаласында ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Биыл 35-ші рет өтіп жатқан жиынға  ұйымға мүше мемлекеттердің бәрі қатысты. Жиында ұйым қызметінің басым бағыттары, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланып, бірқатар құжат бекітілді. Мемлекет басшылары алдағы үш жылға Достастықтың мәдени астаналарын жариялау туралы шешімдерге қол қойды. Құқықтық, қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты құжаттарға түзетулер енгізілді. Ал кезекті төрағалық Тәжікстанға өтті. Ендігі отырыс келер жылы күзде Душанбеде өтпек.