Түркістан
EN

Талғардағы жөсөспірім өлімі: Прокуратура істі ерекше бақылауға алды

121
08.10.2024

Алматы облысында 16 жасар жасөспірімді аяусыз өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды. Прокуратураның мәліметінше сот оларды екі айға қамауға алуға санкция берген. Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 4 қазанда Талғар қаласында болған еді. Дүкендегі сыраның ақшасын төлеуден бас тартқан жігіт, оқиға орнына бір топ пышақ, тапаншамен қаруланған азаматтарды шақырған. Желідегі жазбаларға сүйенсек, 16 жастағы оқушы әкесіне араша түспек болғанда, ауыр жарақаттар алған. Салдарынан Шерзат жансақтау бөлімінде көз жұмды. Айта кетейік, кісі қолынан қаза болған жасөспірімнің туыстары Талғардағы басты көшелердің бірін жауып, істің әділ тергеліп, қандықол қылмыскерлердің түгел жазаға тартылуын талап етті. Бүгін облыс прокуратурасы қоғамдық резонанс тудырған іске қатысты ресми жауап берді.