Түркістан
EN

Күзде 20 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылады

103
08.10.2024

Күзде 20 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылады. Науқан Президентінің Жарлығына сәйкес осы жылдың қыркүйек айынан басталған. Желтоқсан айының соңына дейін 18-ден 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер азамат әскер қатарына алынады. Оларды әскери қызметке шақыру үшін Қорғаныс істері басқармалары мен бөлімдерінде 10 шілдеден бастап әскерге шақырушыларды іріктеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, елімізде 730 мың азамат әскерге бару құқына ие екені анықталды. Оның 120 мың Отан алдындағы борышын өтеуге дайын болса, 40 мыңы мерзімді әскерге шақырылмақ.