Бахрейн-Түркістан арасында чартерлік әуе рейсі қатынайтын болады. Бұл туралы Түркістан облысы туризм басқармасының тізгінін таяуда ғана ұстаған Нұрдәулет Медеуов хабарлады. Бахрейн азаматтары үшін Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы біріктірілген туристік саяхат әзірлейді. Оның уақыты шамамен 7 тәуліктен тұрады. Оның 4 тәулігі Түркістан облысының аумағында өтуі тиіс.