Елімізде атом электр станциясы құрылысына байланысты өткен референдумның түпкілікті нәтижесі жарияланды. Саяси науқанға қатысу құқығы бар 12 млннан астам адамның 63,66 пайызы дауыс берген. Оның ішінде 130 267 бюллетен жарамсыз деп танылды. Себебі ондағы екі нұсқа да таңдалған. Бұл туралы бүгін орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеп, жалпы нәтижені баяндады.