«Павлодар, Қарағанды облыстарындағы орман өртін сөндіруге күш салудамыз. Ал, Қостанай облысындағы қызыл жалын толық сөндірілді.» Премьер-министр Олжас Бектеновке есеп берген Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов осылай деді. Оның айтуынша Павлодар облысы Желтау ауылында далалық жедел штаб құрылып, жұмыс жүріп жатыр. Қазір ондағы тілсіз жау оқшауланып, бақылауға алынған. Елді-мекендегі 18 тұрғын көрші ауылға көшірілген. Ал, Қарағанды облысындағы өртті сөндіруге министрліктің жедел штабы іске қосылды.