Журналистер жорықққа шықты. Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалы өкілдері ауыл аймақтарға сапарлай бастайды. Мақсат – жергілікті БАҚ-тың жағдайымен танысу, әріптестермен өзара тәжірибе алмасу. Көшпелі отырыс – ұлылардың мекені Отырар ауданынан басталған. Филиал төрағасы Мәлік Жұмаханұлы бастаған журналистер тобы аудандағы жаңалықтардың жаршысына айналған «Отырар алқабы» газетінің редакциясымен танысты.