Риддер жылу электр орталығында көмір қоры аз жиналған болып шықты. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді. Ол өз сөзінде, энергетикалық кәсіпорындар негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеуді бекітілген мерзімде аяқтауын, отынның нормативтік қорының жинақталуын ерекше атап өтті. Сондай-ақ министр Түркістан облысы Кентау қаласындағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын баяндады.