Түркістан
EN

Павлодар облысындағы өрт: әскери ұшқыштар көмекке келді

53
08.10.2024

Павлодар облысындағы бірнеше елдімекенде өрт қаупі сейілді. Дегенмен тілсіз жау толық сөнген жоқ. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы мен Павлодардың Баянауылы шекараласқан аумағында 45 мың гектар жерді от шарпыды. Оны ауыздықтау үшін Астана мен Ақмола, Абай облысы және Ұлттық ұлан сарбаздары көмекке барды. Қазір 100 ден аса арнайы техника, 700 жуық адам жалынмен арпалысып жатыр. Тікұшақтар 50 тоннадан астам су бүрікті. Соның арқасында өрттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік болып отыр.