Қоғамдық сананы өзгертпей, өңірде тазалық мәдениеті қалыптаспайды. Осылай деген Түркістан облысының әкімі аймақтағы тазалық жұмыстары бойынша жиналыс өткізді. Өңірде жыл басынан бері 498 ауқымды сенбілік өткен. Ал, өткен аптаның өзінде 13 ауданның 27 елді мекенінде тазалық жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 2 мыңнан аса тұрғын қатысып, 24 техника жұмылдырылып, 72 тонна қоқыс шығарылған. Биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 23 434 мыңнан астам хаттама толтырылып, 250 млн. теңге айыппұл салынған. Облыс әкімі бұл жұмыстарды жанданыруды тапсырды.