Шардаралық тәртіп сақшылары жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Беттеріне медициналық бетперде тағып, қару ұстаған 3 ер адам май құю бекетіне баса көктеп кірген. Күдіктілер кассир мен оның көмекшісін қарумен қорқытып, кассадағы 120 мың теңгені жымқырып кеткен. Ақшаны қолға оңай түсірген күдіктілер, көліктегі төртінші сыбайласымен бірге бой тасалап үлгерген. Шардара мен Жетісай ауданының полицейлері бірлесе қылмыскерлердің ізіне түсіп, нәтижесінде екі күдіктіні қолға түсірді.