Түркістан
EN

Бірыңғай байланыс орталығына 100 мыңнан астам өтініш түскен

86
07.10.2024

Түркістан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығына жыл басынан бері 100 мыңнан аса өтініш түскен. Орталыққа өтінімдердің 97%-ы қоңырау шалу арқылы түссе, қалғаны әлеуметтік желілер арқылы жолданған. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы халықпен байланысты нығайту, өтініштерге  дер кезінде жауап беруді тапсырды.