Сонымен, бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл референдум 2024 жылдың ғана емес, Қазақстан тарихында ерекшеленіп қалатыны даусыз. Өйткені 6 қазанда 7,8 миллионнан астам қазақстандық ел келешегін айқындайтын іс-шарада дауыс беруге қатысты. Еуразиялық интеграция институты экзит полдың алдын ала нәтижелерін жариялады. Оның нәтижелеріне сәйкес, сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе деген сұраққа респонденттердің 71,8%-ы "Иә, келісемін" деп жауап берсе, 28,2%-ы "Жоқ, келіспеймін" жауабын таңдаған.