Қазақстанның бас санитары мәлімдеме жасады. Елімізде Марбург вирусы таралуы мүмкін. Оның алдын алу мақсатында эпидемиологиялық жағдайды бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Қауіптісі сол вирус жұқса, оған қарсы арнайы ем мен вакцина жоқ. Тек симптоматикалық емдеу ғана жүргізіледі. Вирус адамға тікелей байланыс арқылы жұғады. Сондықтан мамандар профилактикалық шараларды сақтауға шақырады.