Түркістан
EN

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жоқ

47
06.10.2024

Осы сағатқа дейін дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу деректері тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты. Бүгінгі референдумға қатысты ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Референдум учаскелерінде тәртіп сақшылары қоғамдық тәулік бойы кезекшілікте тұр. Сондай-ақ полицияның жедел басқару орталықтары бейнебақылау камералары арқылы референдум учаскелерін түгел бақылап отыр. Сақтық үшін әрбір ауданда мобильді жедел-тергеу топтары құрылған.