Дауыс беру бойынша Түркістан облысы көш бастап келеді. Өңірдегі дауыс беру құқығы бар азаматтардың 67,38%-ы өз таңдауын жасаған. Бұл туралы Орталық Сайлау комиссиясы хабарлады. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 51,77%-і бюллетень алған. Ал дәл қазіргі жағдай қалай? Оны тікелей қосылымға шығуға дайын тұрған әріптесім айтып берсін. Ақдариға, сен эфирдесің!