Түркістан
EN

Келестіктер де қалыс қалмады

9
06.10.2024

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғындары да референдумнан шет қалмады. Аймақта 11 ауылдық округ пен аудан орталығындағы 61 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда 70 мыңнан астам тұрғын өз таңдауын жасайды. Дауыс беру кезеңінің әділдігін 58 байқаушы мен мобильді капитандар қадағалайды. Сондай-ақ, 83 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен.