Жалпыхалықтық референдумда дауыс беруге түркістандық мәдениет саласының майталмандары да келді. Белгілі сазгер әрі ұстаз Бекжігіт Сердәлі мен актер Шәкен Амантұров өздері тіркелген референдум учаскесінде дауыс берді. Мәдениет саласының қос майталманы жұртышылықты мұндай науқан кезінде бей-жай қалмай, белсенді түрде атсалысуға шақырды.