Еліміз бойынша ең маңызды оқиға саналатын АЭС салуға дауыс берушілер қатарында Түркістан облысы, Кентау қаласы да бар. Кенді шаһарға қарасты Байылдыр ауылында тұрғындар өз таңдауын жасауға референдум учаскелеріне таң атқаннан бастап ағылды. Қазірге дейін қанша адам дауыс берді, жалпы референдум қалай өтіп жатыр? Оқиға орнында тілшіміз Айдана Дүйсенбаева жүр. Айдана, сен эфирдесің!