Түркістан
EN

ТМД және Орталық Азияда референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз – Ерлан Қарин

35
06.10.2024

 6 қазан референдум күні Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин да өз таңдауын жасады. Ол Елордадағы №164 референдум учаскесінде дауыс берді. Мемлекеттік кеңесші таңдаудың бұл кезеңін ел үшін өте маңызды санайды. Сондықтан бұл талқылау жан-жақты ұйымдастырылып, елімізде АЭС бойынша 402 күн талқыланды. Сондай-ақ ол Қазақстанның ТМД кеңістігіндегі осындай өзекті сұрақ аясында референдум өткізіп жатқан жалғыз ел екенін де атап өтті. Айта кетейік, Ерлан Қарин таңдау жасаған учаскеге 2114 дауыс беруші тіркелген. Сонымен қатар 26 байқаушы қатысып отыр, оның ішінде халықаралық байқаушылар да бар.