Түркістан
EN

Үкімет басшысы дауыс берді

26
06.10.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов өз таңдауын жасады. Үкімет басшысы Астана қаласындағы Оқушылар сарайында орналасқан №61 учаскеге барып, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Еске салайық, бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Қазақстан азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты шешім қабылдайды. Ол үшін АЭС-ті қолдап немесе қарсылық білдіріп дауыс береді. Бұл – еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Ал бұл – саяси өзгерістерге қатысы жоқ алғашқы референдум.