Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы сайлау учаскесіне барып, Атом электр станциясын салу бойынша референдумда дауыс берді. Өз таңдауын жасаған соң, брифингте журналистердің сұрағына жауап берді. БАҚ өкілдері президенттен референдум қорытындысы бойынша халық АЭС құрылысын қолдаса, оны кім салатынын сұрады.