Түркістан облысының қарттары киелі шаһарда бас қосты. Алдымен былтыр ғана өз жұмысын бастаған Білім-Инновация лицейін аралап, білім ордасының жұмысымен танысты. Игі іске жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мұрындық болған, Түркістан, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Сауран ауданынан келген ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналарды облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қарсы алып, қазыналы қарттарға жылы лебізін білдірді.