Жер көлемі жағынан әлемде 9- орын алатын Қазақстанда жол инфрақұрылымын дамыту әрдайым өзекті болып қала бермек. Сондықтан да еңбек нарығында жолшы мамандарына сұраныс жоғары. Осы салада аянбай еңбек етіп жүргендердің бірі – Серғали Аяпбаев. Тәуелсіздік құрдасы- мемлекет қаржысына салынып жатқан жолдардың сапасын тексереді.