Қазығұрт ауданында сайлау учаскелерінің референдумға дайындығы пысықталып жатыр. Өңірде, жалпы 61 учаске бар. Оның 52-і мектепте орналасқан. Тағы 6-ы мәдениет үйінде. Ал, 1 учаске колледжде. Барлық учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне бүкіл жағдай жасалған. Зағип жандар үшін 59 учаскеде тактильді жолдар қойылған. Оған қоса құлағы ауыр азаматтар үшін де құлаққаптар да қарастырылған. Сондай-ақ рефрендум күні ауданда 2 инвотакси ерекше жандарға қызмет көрсетпек.