Қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні. Айтулы күнге орай оқушыларға бар білгенін үйретіп жүрген ұстаздармен сұхбаттасуды жөн көрдік. Соның бірі - заманауи қолөнер бұйымдарын жасайтын Әйгерім Аманқұлова. Ол Ордабасы ауданындағы Мұхамет Хайдар Дулати мектебінде қызмет етеді.