Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді. Қаракөл көліне келген алғашқы қоқиқаздарды жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев видеоға түсіріп алған. Блогер құстардың Маңғыстау облысына жылына екі рет ұшып келетінін айтты. Қоқиқаздар көлде қыркүйектің ортасынан бастап қарашаның аяғына дейін болады. Ал екінші мәрте наурыздың басында келіп, мамырдың ортасына дейін мекен етеді. Айта кетсек, қоқиқаздардың негізгі түсі сұр. Олардың түсі қоректену арқылы бірте-бірте қызғылт және қызыл түске айналады.