Түркістан
EN

Кентаулықтар биыл тоңбайды

2
04.10.2024

Кентаудауғы жылу электр орталығы жылыту маусымына дайын. Былтыр кентаулықтар қыста бүрсеңдеп, дірдек қағып өткізген еді. Сондықтан биыл мекеме қыстың қамын ерте бастады. Тозығы жеткен 8 жылыту қазандығын жөндеді. Бұл Үкімет басшысының тікелей тапсырмасы еді. 8 қазандықтың 4-еуі жаңадан салынған. Сондықтан, биылғы қыста қала тұрғындары тоңбайды деп сендірді мамандар. Тақырыпты тілшіміз жалғастырады.