Жемқорлықтың жолын кесіп те, табыс табуға болады. Биыл 76 қазақстандық «бармақ басты көз қысты» фактілері жайлы ақпар беріп, 29 млн теңге сыйақы алған. Олардың 33-і - мемлекеттік қызметкер. Тұрғындар заңсыздықты 1424 бірыңғай байланыс орталығына ескертсе, тәркіленгін соманың 10 пайызына дейін ала алады. Бірақ ол 4 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Бұл 15 миллион теңге шамасында. Айта кетейік, биыл орталыққа 20 мыңнан астам хабарлама келіп түсті. Олардың 4500-ден астамы консультация алған. 572 хабарламада жемқорлық белгілері жайлы айтылған.