Түркістан облысында тұрмыстық газ баллондарды толтыратын 4 газ құю ұйымы бар. Алайда, бүгінде оның бәрі өз жұмысын тоқтатқан. Оған сұйытылған газ тапшылығы себеп. Енді үш айдан бері жұрт газ баллондарын сақырлатып, бекет жағалап жүр. Бұған автокөліктері тек газбен жүретіндерді қосыңыз. Өңірдегі газ тапшылығы қалай шешіледі? Мәселені әріптесім Айдана Дүйсенбаева кеңінен тарқатады.