Депутаттар халықпен тікелей байланыс жасай білуге және өз жұмысы туралы қоғамды жан-жақты хабардар етуге тиіс. Бірақ бұл істе қазір кемшіліктер бар. Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында осылай деді. Жиында мәслихаттардың жергілікті экономикалық саясатқа ықпалын арттыру мәселесі, АЭС салудың маңызы, бала қауіпсіздігі және өзге де тақырыптар сөз болды.