Дәл осы Қазығұрт ауданында қарияларға арналған орталық ашылды. Нысан халықаралық қарттар күні қарсаңында пайдалануға берілді. «Белсенді ұзақ өмір» орталығының ашылуына аудандағы ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зейнеткерлер қатысты. Олардың ішінде қоғам дамуына үлес қосып жүрген біршамасы өңір әкімінің алғыс хатымен марапатталды.