Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

39
03.10.2024

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев ол хатында Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.