Елімізде 18 мың 200 азамат есірткіге тәуелді. Оның 1500-ге жуығы - әйел. Өкінішке орай, тіркелген деректер қатарында кәмелетке толмаған жасөспірімдер де бар. Олардың саны 94. Бүгінде қасіретті індетпен күресу үшін жыл сайын түрлі акциялар өтуде. Осы мақсатта Түркістан облысы Созақ ауданында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз» атты форум өтті. Тағылымды шараның басы нашақорлық індетінің зардабын бейнелейтін қойылыммен басталды. Соңғы деректерге сәйкес, өңір есірткі қылмысы дерегінде алғашқы үштікте. Қауіпті кеселге тәуелді қалалар қатарында Астана мен Алматы тұр.