Түркістан
EN

Референдум: Қазақстанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді

21
03.10.2024

Референдумға 3 күн қалды. Осы уақыт аралығында Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істейді. Ал, таңдау күні мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізеді. Погондылар техникалық және қауіпсіздік талаптарын тексереді. Нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын бақылайды. Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқарады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары дауыс беру құжаттамасын жеткізуді сүйемелдейді. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етпек, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде.