Бірі келіп, бірі кетіп жатыр. Шымкент темір жол вокзалында әскерден қайтқан және әскер қатарына шақырылған сарбаздардың екі пойызы бір уақытта кездесті. Борышын өтеуге аттанған 30 жасты туыстары мен достары шығарып салды. Ал десанттық-шабуылдау бригадасында қызмет атқарып келген 40 сарбазды сән салтанатымен күтіп алды. Сондай-ақ оларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасы әскери оркестрінің шеруі ұсынылды.